Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Менің туған жерім - егеменді Қазақстан шығарма Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан . Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел . Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу . Биік - биік асқар тау , мөп - мөлдір көлдер , неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі . Қазақстан жерінде аңдар мен құстар , не ше түрлі жануарлар жасайды . Сол жерде біздің ата - бабаларымыз , батырларымыз , ақындарымыз , ғалымдарымыз туып өскен . Қазақстандай жері шұрайлы , шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар . « Отаның - алтын бесігің Отаны жоқтық – нағыз жоқтық » - деп дана халқымыз бекер айтпаған . Өз Отанын сүю , өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті .Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын . халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген . Өз елі үшін жанын да , барын да аямаған . Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап , ана тілімен дарып , ақ нанымен бекуі тиіс . Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық .
Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар.