У МЕНЯ БЖБ Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі, қосымша, детальді
ақпараттарды табыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220
жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен
кітапхана болған»
деп қорытындылайды профессор
Ерeнғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың
Мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі
жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі
қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым
Птоломей болмаса, бізде ондай кітапхана болғанын білмес те
едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған
Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде
алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-
Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай
ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын
әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада
жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол
заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл
кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды
сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын
үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін
ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе
керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы
белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты
бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат
халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат
қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар
үйін ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып,
кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін
Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық
үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың
көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің
арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық
математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-
Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен Бағдатқа барған.
Осы кездегі Бағдат Халифiнiң басты уәзірлері Фараб
қаласынан болған деген дерек бар. негізгі ақпарат; қосымша ақпарат; детальді ақпарат
Қазақ халқы сиыр малының қылығын бақылап, сол арқылы ауа райының жағдайын алдын ала болжап айтатын болған. Таңертең ерте сиыр малын бақылағанда, олар желге қырыс қарап, бейғам күйсеп жатса, сол күні күн жылы, желсіз, жауынсыз, қарсыз болады. Егер күн бұзылатын болса, сиыр малы алдын ала біліп, уақыты болсада өрістен ауылға ерте қайтады. Сиыр малы өріске шығарда тынышсызданып жан – жағына қарап, басын шайқап мөңіресе, мазасызданса, қарлы борасын соғып, қар жауып, күн суытады. Жазда сауын сиырлары бұзауларына қарай мөңіресе, жауын жауардың ишарасы болмақ. Жауын жауып жатқанда бұқа мөңіреп, өкіре жүрсе, аспан ашылудың айғағы. Сиырлар жайылып жүргенде жүндері үрпейсе, ауа райы бұзылудың белгісі. Сиыр желге қарап жайылса, күн суытудың белгісі. Ал қыста, көктемде қай жаққа қарап жайылса да күн жылы жайлы болатынның белгісі болмақ. Сиыр кенеттен суалса, онда кешікпей ылғал жауын болады.