1.Тура мағыналы сөздердермен тіркестер:араны қорқытпа,алманы теріп әкел,түзу ағаш,атқа отыр,жаз келді,көк түсті көйлек,қыста суық болады,жүз теңге,адамның қас қабағы,өкпе ауруы,тартпаны аш,басты оң жаққа айналдыр,таңғы асынды іш,жасы үлкен кісі,қисық кесу,қара түсті көлік.
2.Ауыспалы мағынадағы сөздермен тіркестер:арамен кес,оны алма,түзу жігіт,мылтықпен ат,жылдам жаз,көк өсті,алақаныңды қыс,мәреге дейін жүз,қас жауы,өкпелеу,жіпті тартпа,тетікті бас,тамақты асып бер,көздің жасы,қисық мінез,қара ниет.
Объяснение:
Міне осыны қолданып,осылай айтуға болады:мысалы:««Араны қорқытпа» дегенде «ара» сөзі тура мағынада,ал «арамен кес» дегенде «ара» сөзі ауыспалы мағынада.
Алтын ұя – мектебім шағын шығарма
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.
Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.