Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).Зәресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді)Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті; әсем, т.б.Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.
Сен қай қалада тұрасың? - Мен Астанада тұрамын. - Астана туралы не білесің? - Астана – тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Ол - жаңа Қазақстанның белгісі. Астанада тарихи ескерткіштер, мұражайлар бар. - Қай кезде Н. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды? - 1997 жылы қазанның 20-сында. Ал Қазақстанның алғашқы бас қаласы қай қала болған. ? - Орынбор. - Қазақстанның екінші астанасы – Алматы. Алматыда қандай қала? - Алматы - үлкен, әдемі қала. - Алматыда қандай театрлар бар? - Алматыда - М. Әуезов атындағы қазақ драма театры, Лермонтов орыс драма театры бар. -Қалада қанша адам тұрады? - Миллионнан астам тұрғындар бар. Мен Алматы көруді армандап жүрмін.
Тақырып қандай екенін айта аласыз ба?