Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Ең алдымен мемлекетіміздің гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, әнұранымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге келді. Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды. Бүгінде тәуелсіз отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр.
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолымен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. "Қанағат қарын тойғызады" дейді халық философиясы. Ендеше қанағат болған жерде бақытта болады. Бақыт- бір адамға тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда! Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.