Интернет басылымдары әлемдегі ең қызық мамандықтардың тізімін жасапты. Токиода бір мамандық түрі пайда болыпты. Ол - қарапайым әңгімелесуші. Миллиондаған халқы бар үлкен қалада жалғызсырап жүрген кез келген адам әңгімелесушінің көмегіне жүгіне алады. Бұл үшін кісі көп шоғырланған көшелерде арнайы дүңгіршектер орнатылған. Кәсіби әңгімешілер аптасына 10 мыңға жуық адаммен сөйлеседі екен Өздерін райтер деп атайтын бұлардың қарапайым жазушыдан айырмашылығы:
- олар SMS-хаттар дайындайды. Операторлардың айтуынша, жапондықтар күніне бір-біріне 2 млрд- қа жуық хабарлама жібереді екен. Ал жазғыштар ерекше хат үшін 1 цент «қаламақы» алады.
2-мәтін
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі - бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осы ойды ары қарай жалғастыра отырып, негізгі назарды қазақстандықтардың рухани саласы мен санасын үздіксіз үдерістер арқылы жаңғыртуға аударады. Ұлт Лидері қойған негізгі міндет, осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында негізгі релде - жастарды бөліп қарастыру. Бүгінде, 3D-принтинг секілді жаңа технологиялар мен салалар, онлайн сатылымдар, мобильді банкинг, сандық қызметтер прогрессивті жастардың арқасында кең ауқымдағы даму үстінде. Себебі, жастар жаңашылдыққа ұмтылады, өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тырысады. Жас адамдар жаңа заманның сұранысына жылдам бейімделеді. https: //massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/4919 9/
1-мәтін 2-мәтін
Тақырыбы:
Мазмұны:
Идеясы:
Мақсатты аудиториясы:
Қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкіліне хат жазу.
Сәлем, Андрей!
Қалың қалай? Үйіңе аман-есен жеттің бе?
Сабақ басталып, бұрынғыдай ғаламтор беттеріне жиі кірмей жүрген сияқтысың?
Сенің алдындағы хатыңды оқып, бір қуанып қалдым! Қазақ тілін үйрену туралы дұрыс шешім қабылдапсың! "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін" деп аталарымыз айтқандай, қазақ тілін меңгерсең, артық болмас. "Ана тілің алпыс тілге татиды" демекші, ана тіліміз - біздің бойымызға ана сүтімен дарыған байлығымыз. Сенің ана тілің өзге болғанымен, қазақ тілін меңгеру - бүгінгі заман талабы.
Енді барынша көп сөз үйреніп, қазақша хабарлар көріп, көп жаттығуға тырыс. Мен де қолымнан келгенше көмектесейін. Осылайша қазақша хат алмасып тұрайық!
Жақсы, хабарласып тұр!
Сәлеммен, досың Әсет.