Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бұлақ көзі тазаланып, Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Тұнық судан
ары-бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сiмiрмей өтпейтін болды. Бұл Лай
суға ұнамады. Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өз арнасын бұрды. Мөлдір
судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су
өңін бұзбай, сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына
ыза болды.
Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек, - деп кеудесін қақты.
Онда Көлге барайық. Әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды
келісімге шақырды.
Екеуі Көлге келді.
Қате пікірді белгіле (М).
Лай суға Мөлдір судың тазалығы ұнамады.
Лай суға Мөлдір судың күліп аққаны ұнамады.
.
Кейіпкерлерді сипаттайтын сөздерді анықтап, сәйкестендір.
өзімшіл, қызғаншақ, күншіл
Мөлдір су
әділ, сабырлы, ақылды
Лай су
адал, таза, тұнық, көңілді
2-тапсырма
Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Кейіпкерлерді сипаттайтын көркем
сөздерді қолданып, оқиғаның соңын жалғастырып
жаз
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.