Берілген мәтінді түсініп оқыңыз. Саяхатшының жоспарын анықтап жазыңыз, кез келген бір төл сөз бен автор сөзін төлеу сөзге айналдырып жазыңыз. Қазақстандық саяхатшы
- Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп хабарлайды Азаттық.26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда Қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ.
Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», - дейді.
Саяхатшының жоспары
Төлеу сөз
Сабақты бәрің түсіндіңдер ме, кімге көмек керек? Балам, мына заттарды көтеруге көмектесші. Қариялар жолдан өтерде сендерден көмек керек. Мен інімнің сабағына көмектестім. Атам әкеме машина жөндеуге көмектесті.
Менің достарым көп. Мен барлық достарымның ата-анасын танимын. Менің басқа қалада достарым бар. Ол достарыммен скайпта хабарласамын. Жақында ол достарым маған қонаққа келеді.
Олар келгенде көңілді болады деп ойлаймын. Олардың өзі көңілді балалар. Осы жақтағы достарым бар барлығымыз көңілді өткізуге тырысамыз. Біз демалысты қалай көңілді өткізуге болатынын жоспарлаудамыз. Демалыс көңілді өтетініне сенімдіміз.