2 ақпан 1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысында туылған. Филология факультетін және аспирантураны аяқтайды. "Қазақ әдебиеті" газетінде әдеби сын бөлімінің меңгерушісі, кейін "Жазушы" ба бас редактордың орынбасары, ҚазССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болып істеген. 1959 жылдан бастап жариялана бастаған. Орта ғасырдағы қазақ поэзиясы тарихына қатысты зерттеулерімен танымал болған.
Объяснение:
надеюсь правильно
Дүниежүзінің табиғат ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін.