Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
ы-дауысты, жуан, қысаң, езулік
с-дауыссыз, қатаң
т-дауыссыз,қатаң
а-дауысты, жуан,ашақ,езулік
5 әріп, 5дыбыс,2буын қыс-бітеу буын, та-ашық буын
к-дауыссыз,қатаң
ү-дауысты, жіңішке,қысың,еріндік
н-дауыссыз,үнді
д-дауыссыз,ұяң
і-дауысты,жіңішке,қысаң,езулік
з-дауыссыз,ұяң
6 әріп,6дыбыс,2буын күн-бітеу бын,дәз-бітеу буын
т-дауыссыз,қатаң
ү-дауысты, жіңішке,қысың,еріндік
н-дауыссыз,үнді
д-дауыссыз,ұяң
е-дауысты,жіңішке,ашық,езулік
5әріп,5дыыс,2буын түн-бітеу буын,де-ашық буын
а-дауысты, жуан,ашақ,езулік
л-дауыссыз, үнді
ы-дауысты, жуан, қысаң, езулік
с-дауыссыз, қатаң
қ-дауыссыз, қатаң
а-дауысты, жуан,ашақ,езулік
6әріп, 6дыбыс,3буын а-ашық буын, лыс-бітеу буын,қа-ашық буын