ULDUDA 1. Берілген мәтінді оқып, 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыз
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек,
корей, украин және т.б. тату-тәтті өмір сүріп жатыр,
Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ
жая қарсы алды. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай
жасады.
Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы
тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен ба-
уырына басты. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін
қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде
барлық ұлпың өнілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір
сүріп келеді.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен
туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы
Н. Ә. Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбпшілік мекені
болуы керектігін міндет етіп қойды.
Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. 568 жылы Талас өзені жағасындағы қалада түрік қағаны Дизабула өзінің керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. Бұл туралы В.Бартольдтың «Орта Азияға ғылыми мақсатпен сапардың есебі» кітабында жазылған. 629 жылы Сюань-Цзян Тараз (ежелгі аты – Далосы) қаласының Цзяньцюаннан батысқа қарай 140-150 ли қашықтықта тұратынын және оның шеңберінің 8-9 ли екендігін айтады. Қалада әртүрлі елдерден келген көпес-саудагерлер мен хусилардың (согдийлықтардың) тұратыны және олардың тілі мен әдет-ғұрыптарының, заңдарының Қытайдағы сияқты болатыны туралы жазылған (Зуев Ю.А. Суяб туралы Қытай деректері. 91б.). Біз бұл деректерді Тараз қаласының аса ертеден келе жатқан қала екендігі жайлы мәлімет үшін беріп отырмыз.