Меніңше бұрынғы жастар тәрбиелі болды.Бұрындары бала тәрбиесіне жақсы қараған,аналар үйде болып бала тәрбиесімен айналысқан.Тентекті ауыл ақсақалдары бар бәрі бірігіп тәрбиелеген.Қазақтың қонақжайлылығы,ақ көңіл адалдығы,мейірімділігі,шынайылық,достық ,махаббат сезімдері тәрбиемен жастарға беріліп отырған.Кітап оқушылар көп болған жастардың арасында,кітап адамды рухани байытатынын айтсақ онда бұрынғы жастар рухани бай болған.Біздің заманда кітап оқитындар өте аз,жастар вертуальді әлемнен шыға алмай жүргені өтірік емес. Бұрынғы жастар Отан алдындағы екі -үш жыл әскери борышын өтеген,ал қазіргі жастарымыз бір жылғы әскери борышын өтегісі келмей қашып жүреді.Достық,махаббат сезімдеріндеде шынайылық бұрындары көп болған секілді.Олар ғаламтор арқылы таныспаған,шынайы өмірде шынайы достасқан.Әрине қазіргі жастардың білімі күшті бірақта сол шынайылық,мейірімділік,адал достық сирек кездеседі.Заманмен бірге адамның болмысы өзгерді десекте болатын шығар.
Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда. Балаларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады. Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- шіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді