Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал: – Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.
2-тапсырма
Көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, ойыңызды оқшау сөздерді қатыса отырып дамытып дәлелдеңіз.
2. правильное утверждение.
3. не істед¡? не қылды? қайтт¡?
ұйықтауға - "ға" - барыс септігі жалғауы
шақыруымызды - "ымыз" - тәуелділік жалғауы 1 жақ көпше түрі, "ды"-табыс септігі жалғауы
беруіміз - "іміз"- тәуелділік жалғауы 1 жақ көпше түр
ойлануды-"ды"-табыс септігі жалғауы
үлестірумен- "мен"- көмектес септігі жалғауы.
шахмат ойыны көп ойлануды талап етеді. тойға шақыруымызды алған боларсыңдар?
3. билет.
2. ту, елтаңба, әнұран.
3. зат есім - заттың атын білдіретін сөз табы. сұрақтары: кім? кімдер? не?нелер? түрлері: дара, күрделі; жалпы, жалқы; тб.
қазақстанның жерлерінде таулы үкі кездеседі.
а. қазақстанның - анықтауыш.
жерлерінде - пысықтауыш.
үкі - бастауыш
таулы - анықтауыш.
кездеседі - баяндауыш.
1991 бірінші жылы желтоқсанда қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев сайланды.
ә. тұңғыш - анықтауыш
Н.Назарбаев - бастауыш
1991 - анықтауыш
желтоқсанда - пысықтауыш
сайланды - баяндауыш
президенті - бастауыш
бірінші - анықтауыш
жылы - вроде бастауы
қазақстанның - анықтауыш.
дальше лень, соре.