Тапсырма №1 Шығарманың үзінділеріндегі эстетикалық құндылықтарды анықтай отырып, төмендегі тақырыптардың біріне 70-80 сөзден кем емес сыни шолу жазыңыз.
1)«Жаюлы сөреден құрт алып үлгерген аяқ-қолы шидей, алтылар шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды».
Жауабы:Осы сөйлемдегі теңеу (шиедей ) сөз -дей деген жұрнақ арқылы жасала отырып, сөйлемнің көркемдік образдылығын күшейту үшін қолданылып, автордың шеберлігін айқындай түсті.
2)«Иегі шығыңқы, ірі, қапсағай жігіт кішкене ескі домбыраның ішектерін арбиған саусақтарымен еріне шертіп, құлағын бұрады».
Жауабы:Кейіпкердің сыртқы келбеті сипатталған, онымен қоса сол кейіпкердің іс-қимылы да бейнеленген. Портретті сипаттауда автор эпитетті кеңінен қолданған. Олар: қапсағай, қоңыр. Мұндай қолданыс суреттемеге өң, көрік береді; ойды жеріне жеткізіп айтуға себепкер болады
3)«Көп ұзамай ауыл қонақтары да жиналып қалды. Ерекең сыртқа шығып, қой-ешкілерін жинап, бір семіз тоқтысын ұстап бауыздап, ... бір жігітке терісін іреттіртті»
Жауабы:Сөйлемде іреттірді деген сөз термин сөзге жатады_
Эссе
Домбыра —қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде Жыр , термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.
Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау!
Шыдамадым қапасқа,
Кеңшілікке қаштым.
Көндікпедім матауға,
Асау атша бастым.
Уһ, шырқап, зымырап,
Сұңқардай зулап ұшайын!
Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті.
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.