М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
shahmina123
shahmina123
27.08.2020 04:17 •  Қазақ тiлi

М.әуезов жайлауда тарауына жоспар керек 1
Ауылда ерекше ән шырқалып жатқан еді. «Қазағымның асыл ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық қазынасы бар ма?», - деп Абай арнайы қонақтарды күтуге тіктірген төрт киіз үйінің бірінде көпшілік жас қауымды ішке отырғызып жатты. Абайдың Әйгерімді алып келгеніне екі-үш ай шамасы болған болатын. Іште Абай, Әйгерім, Ербол, Жиренше, Базаралы, Әнет қызы Балбала, Базаралының інісі Оралбай және Сүгір ауылынан Керімбала , Құдайберді баласы Әмір, Сүгір баласы Әкімқожа және аты бүкіл Арқаға (Сарығарқаға) таралған Біржан сал отыр. Біржанның бұл жақтарға келгеніне екі айдай болып қалған. Ол үкілі домбырасымен ел аралап, өнерін арттырып жүрген. Жиналғанның бәрі бір-бірінен асқан өнерпаз, ақын, әнші, сазгер. Әсіресе Әйгерім шырқағанда Абай тырп етпейді. Біржан да ұйытқығандай болады. Сол бір сәтте ас дайын болып, қонақтар сыртқа сермеп қайтуға шығады. Осы кез Қалиқа кеп Абайды шешесі шақырып жатқанын айтып, ертіп кетеді.
2
Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділдә отыр. Абай кіріп келіп, Ділдәнің ызаланып отырғанын байқайды. Абай Әйгерімнің отауында ойын-сауық өткізіп жатқанда, мына жақта Түсіптің бәйбішесі (Ділдәнің шешесі) қонаққа келген екен. «Өз енеңмен неге саулық сұраспайсың?», - деп Ұлжан Абайды ұрысады. Оны Ділдә да қостай жылап, шығып кетеді. Бірақ Абай осынша жағдайлардан кейін де айтқанынан қайтпай, енесіне жолықпайды. Тек Біржанды шығарып салумен болады. Біржанға Абай, Ербол, Әйгерімдер қосылып, Күнке ауылына Әмірдің отауына барады. Қонақтар сол жерде бір түн болып, сосын қоштасады. 3 Біржан қонақ болып кеткен жаз көп уақыт жастарды толғандырып жүреді. Ыстық мезгіл ауысқандай болып, жұрт көшуі жиілей түседі. Базаралының інісі Оралбай осы күндері қайғыға түңіліп кеткен. Оның сүйгені Сүгір ауылындағы Керімбала болатын. Ол екеуі осы көктемде бір-біріне жан сырларын айтқан екен. Бірақ Керімбала Қаракесектің бір жігітіне атастырылғаны бар. Оралбайдың қиналғаны осы еді. Соңы Оралбай шыдай алмай, Керімбаланы алып қашады. Бұл жағдай ел ішін алып, шулатады. Жігітек пен Бөкенші арасында суықтыққа жол бермеу үшін, әр ел ағалары Ұлжанның үйіне жинала бастайды. Ал Оралбай Керімбаламен қайда қонса, ел шуынан қорқып, қуа береді. Абай мен Ербол қанша тырысса да, ел ағалары татулықпен келісе алған жоқ. Керімбаланы алып кеткені үшін Бөкенші Жігітек ішінен бір жас келінді шауып кетеді. Алда үлкен шайқас болғалы тұр еді. Жігітек аттылары Саркөлде, Бөкеншінікі Шалқарда жинала түседі. Суырбұлақ пен Қаршығалы арасындағы Кайнар шайқас алаңына айналмақ. Қақтығыс таң атқаннан түс ауа жалғасады. Жігітектен – Абылғазы, Бөкеншіден – Марқабай шеберліктерімен көзге түседі. Осы шайқастан кейін тағы үлкен жиын болады. Жиында Жігітек Бөкеншіге бірнеше қыстау беріп, Керімбаланы Қаракесекке жөнелтетін болып шешіледі. Осыдан кейін он жігіт Оралбай мен Керімбаланы Шыңғыстың «Қараша қостасы» деген құзынан тауып, алып қайтады. Жиында айтылғандай екі ғашық қош айырылысады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
hatidzemustafaeva
hatidzemustafaeva
27.08.2020

Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі а бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан

4,8(68 оценок)
Ответ:
alice1607
alice1607
27.08.2020

Тынымбай Нұрмағамбетов (10.6.1945 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы.

Қызылорда педагогика институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, “Жазушы” ба редактор, “Қазақфильм” киностудиясының сценарийлік коллегиясында түрлі қызметтер атқарған. 1996 жылдан “Қазақ елі” газеті редакторының орынбасары.

Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы “Қауын иісі” деген атпен жарық көрген (орыс тіліндегі нұсқасы үшін М.Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығын алды, 1979). Жазушы прозасында ауыл адамдарының мінез-құлқы, олардың жан дүниесінің қыр-сыры, ұлттық сана психологиясындағы замана тудырған өзгерістер терең суреттеледі. Нұрмағамбетов жеңіл юмордың шебері, бірнеше комедиялық туындылары бар. Ол “Жоғалған көл”, “Кемпірлер үкімі” пьесаларын, “Тырналар ұшып барады” телефильмі сценарийін жазды.

4,5(3 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ