М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ninbondar100164
ninbondar100164
14.05.2023 04:53 •  Қазақ тiлi

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап,

Ақ білегін сыбанып,

Әзілдесіп сыңқылдап.

Мал ішінен айналып,

Көңілі жақсы жайланып,

Бай да келер ауылға,

Аяңшылы жылпылдап;

Сабадан қымыз құйдырып,

Ортасына қойдырып,

Жасы үлкендер бір бөлек

Кеңесіп, күліп сылқылдап.

Жалшы алдаған жас бала,

Жағалайды шешесін

Ет әпер деп қыңқылдап.

Көлеңке қылып басына,

Кілем төсеп астына,

Салтанатты байлардың

Самаурыны бұрқылдап.

Білімділер сөз айтса,

Бәйгі атындай аңқылдап,

Өзгелер басын изейді,

Әрине деп мақұлдап.

Ақ көйлекті, таяқты

Ақсақал шығар бір шеттен

Малыңды әрі қайтар деп,

Малшыларға қаңқылдап.

Бай байғұсым десін деп,

Шақырып қымыз берсін деп,

Жарамсақсып, жалпылдап.

Шапандарын белсенген,

Асау мініп теңселген

Жылқышылар кеп тұрса,

Таңертеңнен салпылдап.

Мылтық атқан, құс салған

Жас бозбала бір бөлек

Су жағалап қутыңдап.

Қайырып салған көк құсы

Көтеріле бергенде,

Қаз сыпырса жарқылдап.

Өткен күннің бәрі ұмыт,

Қолдан келер қайрат жоқ,

Бағанағы байғұс шал

Ауылда тұрып күледі,

Қошемет қылып қарқылдап

это жз

👇
Ответ:
heni2001
heni2001
14.05.2023

Қыс өлеңі : қыс туралы көркемдеп табиғатын сипаттап жазған А. Құнанбай

Жаз өлеңі: жаз туралы табиғатын айтып сипаттап әдемі екенін дәлелдеп айтқан және жазған А . Құнанбай

4,8(78 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.

Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!

«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Атам мен әжемнің тоғыз балалары, 31 немерелері, 5 шөбересі бар. Мен атамның бірінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден алтаумыз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – әкем, қамқоршымыз – анам.

«Әке — асқар тау,

Ана — етегіндегі бұлақ,

Бала — жасындағы құрақ» — деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.

Әкем 20 жылдан бері мектепте мұғалім болып, анам ауруханада дәрігер болып елге адал қызмет еткен жандар. Мемлекеттік қызмет атқара жүріп, балаларына жақсы тәрбие бере білді. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке-шешеміз.

Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамды айтар едім. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық» деген балалары «менің әкем», «менің анам» деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата-ана «міне менің балам» деп отырса бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті

Объяснение:

Міне

4,5(49 оценок)
Ответ:

1) Суретте ертедегі тұрмыс-тіршіліктің белгісі көрініп тұр . Яғни нақтырақ қарасақ аң, жануардың суретін тасқа қашап жазған .

2)Тастағы жазуларды мүлдем біз оқи алмаймыз. Өйткені олар көне таңбадағы тілде жазылған . Алайда оны оқи алмасақта суретте аң, жануарлардың суретін көре аламыз. Бұл мүмкін ол кездегі адамдардың аң ,жануарлар арқылы күнін көргенінен дәлелі болуы мүмкін.

3) Суреттің нақты қашан салынғанын білмесемде, өтее ерте кезде салынғандығы байқалып тұр . Өйткен бұрынғы адамдар жазатын басқа зат таппай тасқа жазып қалдырған.

4)Жоқ жетпейтін еді . Өйткені қазіргідей қағазға жазсақ жыртылып қалуы , ал мысалы құмға жазсақ өшіп кетеді дегендей тасқа қашалып жазылғандығы дұрыс.

Объяснение:

4,7(43 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ