(A 6-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңдер.
1
2
3
4
5
6
7
1. Неше? қанша? сұрақтарына жауап беретін сан есімнің мағыналық
түрі.
2. -дан, -ден, -тан, -тен қосымшалары арқылы жасалатын сан есім-
дер.
3. 1-ден 7-ге дейінгі сандарға ғана қатысты сан есімнің түрі.
4. «9 мамыр - Жеңіс күні» деген сөйлемде қандай сан есім.
5. Заттың белгісін, сыр-сипатын басқа заттың қатысы арқылы біл-
діретін сын есімдер.
6. -ның, -нің қосымшалары қай септікке тән?
7. «Шамамен 5 литр су» деген сөйлемдегі шылау.
Жастарға кәсіптік тәрбие берудің де маңызы ерекше. Ата-ана мен мектеп баланың бейіміне, қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыру керек. Оның өзінің сүйген мамандығын меңгеруіне көмектесу және мамандығы қандай болса да ата-ана оған кедергі жасамауға тиіс. Сонда ғана жас азамат өмірден өзінің лайықты орнын табады. Ал өмірден өзінің лайықты орнын тапқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да өз дәрежесінде болары сөзсіз. Өзінің ұнатқан ісін қолға алған азамат сол істің шебері болып шығады. Жастар тәрбиесіне айрықша мән беріп, оларды заманына лайық азамат етіп шығару аға ұрпақтың абыройлы борышы. «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз шет мемлекеттерде білім алып жатыр. Олар бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға кепілдік берілген. Мұның өзі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға елдің болашағына жасап отырған қамқорлығы.
Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін-жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.