М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DoraDreamer
DoraDreamer
21.11.2020 12:50 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ
біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде
көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға
асықты Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды
қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан
бастап. 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің
30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков
облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19 жасар Әлияны
майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры
атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Қаһарман кыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Нужно составить диалог по тексту ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
кпо123
кпо123
21.11.2020

Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Есеп бойынша Қазақстандықтар жылына фастфуд жеуге 260 млн доллар жұмсайды екен.Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, донер, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді.  Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиян. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Бұл та­­ғам­­дардың құрамында дәрумендер бол­майды, есесіне калориясы жоғары. Семіздік, гастрит, әлсіздік – фастфудтың нәтижесі болып табылады. Семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады. Ата-бабаларымыз қазы-қарта, қымыз, шұбат, айран сияқты тағамдармен тамақтанған. Осындай ұлтттық тағамдарымызды насихаттап әр қалада әр түрлі тамақтанатын орындар ашып, фастфудқа балама ретінде ұлттық тағамдарымызбен тамақтансақ, денсаулығымызға өте пайдалы болар еді. 

4,7(23 оценок)
Ответ:
askerova1408
askerova1408
21.11.2020

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.

Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Объяснение:

4,6(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ