Оқылым мәтіні бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (тезис) жаз
Бүгінде елдің бас қаласының көз тоймас жауһарына айналған "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды
Әлемдегі сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған театр архитектурасынан ұлттық нақышты анық байқауға болады. Сондай-ақ, театр әлемдік стандарттарға сай толықтай техникамен жабдықталған.
Өнер ордасы өзінің алғашқы шымылдығын 2013 жылдың 21 маусымында қазақ музыкасының қазынасы саналған Мұқан Төлебаевтың "Біржан — Сара" операсымен ашты. Мұнымен қатар, осы жылы театр халықаралық қауымдастыққа Джузеппе Вердидің "Аттила" туындысын ұсынып, әлемдік деңгейде тұсаукесерін жасады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров тағайындалды. Ғалым Ахмедьяров Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Әртүрлі жылдары консерватория оқытушысы, ҚР республикалық гвардиясы президенттік оркестрінің халық аспаптары ансамблінің басшысы, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақ әуендері" АҚ президенті болып еңбек етті. Бұдан кейін 2014 жылдың 3 қарашасынан бастап ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды. 2010 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын иеленді.
"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының бас сахнасының көлемі 935 шаршы метрді құрайды. Ал ені — 21 метр, тереңдігі — 59 метр. Театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде "қалта" деп аталатын бұл сахналар қажет болғанда дайын декорациялармен жылжып отырады. Осы сахналар арқасында қойылымдар арасындағы үзіліс қысқа әрі ең күрделі деген спектакльдерді сахналауға болады.
Ең жақсы мамандық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Менің ойымша, дәрігер - ең жақсы әрі аса маңызды мамандық. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.