Ұлттық валюта теңге туралы диалог құрастыру.
Інісі: Әпке, сіз білесіз бе, біз сыныбымызбен ұлттық мұражайда өтіп жатқан теңге көрмесіне барып, сол жерде қойылған ақшаларды тамашалап қайттық?
Әпкесі: Бәрекелді. Қандай әсерде болдың?
Інісі: Маған бұл серуен өте қатты ұнады, еліміздің тарихына бір сәт үңіліп, алғашқы теңгелердің қандай болғанын өз көзімізбен көріп қайттық.
Әпкесі: Сонда теңге жайлы не біліп қайттың?
Інісі: Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізген екен.
Әпкесі: Ия, 15 қараша ұлттық валюта күні ғой...
Інісі: Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынған екен,себебі әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
Әпкесі: Бұл жайлы естімеппін, әйтеуір алғашқы теңгелер шетелде басылып шығарылғанын естіп едім, қай мемлекетте екенін ұмытып тұрмын...
Інісі: Теңгенің бірінші топтамасы Лондонда басылып шығарылыпты.
Әпкесі: Ия, енді есіме түсті. Осы басылып шыққан теңгені елге жеткізу үшін ұшақтармен 20-ға жуық әуе сапары жасалған екен.
Інісі: Алғашында теңгемен қатар тиын да айналымда болған екен, сол алғашқы қағаз тиындарды көріп қайттық. Маған бұл көрме естен кетпес әсер қалдырды.
3-
-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің
мағынасын анықта. Мәтінде қандай мәселе көтерілгенін айтып, стихи
анықта.
Қазақстан — мұнайлы мемлекет. Мұнай қоры еліміздің батыс бөлігіне
орналасқан. Жыл сайын 32 миллион тонна мұнай өндіріледі. Жаһанда ме
най өндіруден 18-орында. Қазақстанда мұнай құбырын 10 000 шақырым
дейін жүргізген. Мұнай өндіретін 32 стансы жұмыс істейді.
Батыста мұнай кені бар екенін қазақтар ертеде білген. Олар мұнай
адамның, малдың жарасын емдеген. Алғаш бұрғылау жұмыстары Батыс
тағы Қарашұңғыл жерінде жүргізілген. 1899 жылы 40 метр тереңдікте
алғаш мұнай бұрқағы атқылаған. Осы кезден бастап Ұлы дала елінде мұнай
өндірісі басталды. Ал Доссорда 1911 жылы 226 метр тереңдіктен мұнай бр.
Қағы атқылаған. Осы жерде Қазақстандағы алғаш мұнай өндіру өнеркәсіб
басталды.
1985 жылды Атырау облысы Құлсары қаласында тосын оқиға бол
ды. №37-ұңғымада қатты қысымнан мұнай өндіретін құралдың бір бөліп
жұлынады. Ауаға мұнаймен бірге улы газ атқылаған. Өрт болып, от
бұрқақ 40-50 метрге көтерілген. Жердегі өртті орбитадан ғарышкерлер 2
көрген. Қыс мезгілінде өрттен бірнеше километр жер жылынып, жерге ш
шыққан. Бұл өртті бір жылдан кейін әрең сөндірген. Қазір мамандар мұнд
Экологиялық апаттың алдын алады.