М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fgugjxg
fgugjxg
06.11.2020 20:13 •  Қазақ тiлi

Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.

Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын. 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn» компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін

болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.

•Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыздар: ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
bulyginanastya
bulyginanastya
06.11.2020
              Менің қалам.
Мен Өскемен қаласында тұрамын.Өскемен-Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Өскемен қаласы 1720 жылы салынған.халықтың саны 350 мыңға жуық.Қазір бүл Қазақстанның улкен индустриалды орталығы.Түрлі-түсті металлургия кешендері осында шоғырланған және машина жасау зауыттары бар. Шағын кәсіпорындар да көп, олар: ағаш өңдеу, жиһаз жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс табы басқа. Қалада бірнеше университеттер, коледждер, көптеген мектеп, саябақтар, көп қабатты үйлер, мәдиниет сарайлары,спорт кешендері,кітапханалар, медицина мекемелері бар. Ертіс,Үлбі өзендері қаламызға ерекше көрік береді.
4,6(43 оценок)
Ответ:
Agata11345
Agata11345
06.11.2020

Найман ана бейнесі.

Шыңғыс Айтматовтың шығармалары тек қырғыз халқы ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтардың мақтанышына айналған. Жазушының «Найман ана» шығармасында адамзат үшін ең ауыр қасірет мәңгүрттік бейнелеген. Мәңгүрттік түркі кезеңінде қарақытайлардың тұтқынға жасаған әрекеті болып есептеледі. Есінен айырылған, ақылсыз мәңгүрт қайдан шыққанын, өзінің кім екенін білмейді. Ол өз қожайынының сөзінен басқа ешкімді де тыңдамайды. Мәңгүрт қожайыны не қаласа — соны істейді. Себебі мәңгүртте тек бір қорқыныш бар. Ол «кепешті шешсең өлесің» деген қожайындарының сөзі. Бұл шығармада Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады. Найман ана - осы шығарманың бас кейіпкері. "Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада" демекші, өз баласын іздеуге шығып, жуандардың қолына түсіп мәңгүрт болған ұлын құтқаруға барын салған Найман ананың көрмегені қалмайды. Найман ана өз ұлын тауып, үйіне қайтарғысы келгенімен, ол кепеш күйін кешіп, анасын танымағандықтан өз еліне бармайды. Тіпті сол мәңгүрт қожайындарының «ол сенің басыңдағы кепешті шешуге келді» деген жалған сөзіне бола өз анасын өлтіреді. Анасының өз баласының қолынан қаза табуы - қайғылы, мұңды, жан тебірентерлік жағдай...

4,5(78 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ