Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері. -Дұрыс
Ғ.Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Дұрыс
Ғ.Мүсірепов 15 жастан бастап орыс мектебінде оқыды. -Бұрыс
Пресногорьков мектебінде 11 жыл оқыды. -Бұрыс
1923-1926 жылдары ол Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқыды. -Дұрыс
Ол ба з, көркемөнер мекемелерінде жұмыс істеді. -Бұрыс
Ғ.Мүсірепов 20-дан астам әңгімее, 10-нан астам пьеса, романдар мен поэмалар жазды. -дұрыс
Орыс, батыс классиктерінің шығармаларын неміс тіліне аударды. -Дұрыс
Ол 100-ге жуық мақалалар жазды. -Бұрыс
Ғ.Мүсіреповтің соғыс жылдары туралы шығармасы – «Қазақ солдаты» романы.
-Дұрыс
«Қазақ солдаты» романының бас кейіпкері өмірде болған адам. Ол – Қайырғали Смағұлов. -Дұрыс
Қайырғали Смағұловтың прототипі – Қайрош Сүлейменов. -Жұрыс
Ғ.Мүсірепов – академик, жазушы, ақын. -Дұрыс
Ғ.Мүсіреповтің бірнеше ордені, медальдары бар. -дұрыс
Лагерьдегі жазғы демалыс.
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы оқу жылын үздік бағамен аяқтағаным үшін ата – анам маған сыйлық ретінде Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда орналасқан балалар лагеріне жолдама алып берген болатын. Бұл алғашқы лагерьге сапарымды асыға күттім, себебі Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Лагерьге аман – есен жеткен соң, балалар жас ерекшеліктеріне сай орналастырылды. Орналасып болғаннан соң тәрбиешілер лагерь ережелерімен таныстырып өтті. Лагерьде демалудың өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары көп екен. Маған ұнағаны - бұл тәртіп мен достыққа үйрену. Демалысымыз қызықты өту үшін тәрбиешілерімз түрлі жарыстар, сайыстар өткізіп тұрды. Сонымен қатар табиғат аясына саяхатқа шығып, көлге суға түстік. Демалыс ерекше ұмытылмас әсер қалдырды. Көптеген жаңа дос тауып, демалысымды өте жақсы өткіздім.