Қазақ сөзі Каспий маңы және сақ тайпаларының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды-А.Бернштам
«қазақ» сөзінің бірінші бөлігі - «қаз», «қас» - Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.-Т. Жанұзақов
«Алтын тас», «Күлтегін», "Тоныкөк" түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандук», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы, қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну», «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.-, Н.
Мынжнұлы,
«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдында ел болып, еркін жүрген халық деп толықтырып жазды.-Ш. Кұдайбердіұлы
Авторов я поискала в интернете,сразу предупреждаю что это не точно.
Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол – Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққанОлимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол – Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011,
2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын. Ал сенің сүйікті спортшыларың кім?