Бегабат Ұзақов
«Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы
атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға
көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің
тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
«Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны
көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге
күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең,
ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін
байқамай да қаласың...»
Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде
ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен
атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге
оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас
батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап
ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай
жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт
араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір
салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе
алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап
кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған
келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса,
лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер
былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. А мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.
КАРОЧЕ МЕН БЫЛЬМИМЫН БРАТ
Объяснение: