1.Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз. Көтерілген мәселені анықтайтын нақты екі сұрақ құрастырыңыз. Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана тарихы
1973 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі №228 қаулысына сәйкес, 1 тамыздан бастап, облыстық әмбебап кітапханасы 11 штатпен құрылды. 1973-1975 жылдары кітапхананың алғашқы директоры Белғожанова Роза Рысқанқызы болды. 1976 жылы кітапхана директорының басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа директор болып Молдағайынова Гүлжаухар Аухатқызы тағайындалды. 1977-1988 жылдары директордың Алматыға ауысуына байланысты кітапхананы Құрманбаева Мәрзия Жалмұқанқызы басқарды. 1980 жылы қаламыздың кітапханалары бір орталыққа көшірілді. 2857000 дана кітабы бар 268 кітапхана біріктіріліп, 12 орталықтандырылған кітапхана жүйесін құрды. Олардың 208900 оқырманы болды, кітап берілімі 4294900 құрады.
1988 жылы қараша айынан бастап кітапхана директоры болып Кәриева Кәбира Кәриқызы тағайындалды.
1990 жылы кітапхана жалпы көлемі 1436 шаршы метрлік Есенберлин көшесі 9а үйінде орналасқан, жаңа ғимаратқа көшірілді. Кітапхана штаты 47 адамға өсті, облыстық кітапхана 295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетті.
1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің аты кітапханаға берілді.
(http://www.zhezbiblioteka.kz/parasat-mekeni/kitapkhana-tarikhy)
Негізгі Қосымша
ақпарат ақпарат
Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.