Бауырсақ-кәделі тағам. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Бауырсақты қазақтар ғана тұтынады десек, қателесеміз. Оны моңғол, орыс, қытай, француз қатарлы көптеген әлем елдерінің ас мәзірінен де көруге болады. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі
Әлемдегі ең үлкен кітапхана АҚШ Конгресінің кітапханасы,ол Вашингтон қаласында орналасқан.
Кітапхана қоры-470 тілде жазылған 155 миллионнан астам кітапты құрайды.Сонымен қатар,кітапханада түрлі қолжазбалар, аудиожазбалар мен фильмдер бар.Ғимарат оқырмандарды өзінің сәулетімен және бірегейлігі мен қызықтырады.Мұнда мектептен бастап,үкіметтік ұйымдарға арналған әдебиетке дейінгі, әр түрлі сипаттағы оқулықтар бар.
Кітапханада 18 оқу залы бар,олар күніне 1500-ге жуық келушілерді қабылдай алады.Жыл сайын бұл мекемеге шамамен 1.7 миллион оқырман келеді,ал қызметкерлер саны 3600 адамды құрайды!