М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lilibete007
lilibete007
16.11.2022 18:22 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі негізгі мәселені анықта:
Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырады.Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Оның орындалу технологиясына  да ерекшеліктер енгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, ұсақ моншақтармен ,түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Pailevanyan
Pailevanyan
16.11.2022
Ліміздің басты ауқымды мәселелерінің бірі − мемлекеттік тіл мәселесі. Сонау Кеңес дәуірінен бері қазіргі күнге дейін келе жатқан тіл мәселесі әлі де шешуін таппай келеді. Қазақ тілін дамыту бойынша көптеген мәселелер қаралды, заңдар қабылданды. Сондықтан да, біз үшін мемлекеттік Әнұран, мем­лекеттік Елтаңба қандай қым­бат болатын болса, мемлекеттік тіл де сондай қастерлі, сондай қадірлі. Себебі көк Туды желбіретіп, Елтаңбаға қарап тұрып, мемлекеттік Әнұранды айту үшін тіл керек. Барлық елдің мем­ле­кеттік әнұраны мемлекеттік тілде айтылады. Сондықтан, барлы­ғы­мыз мемлекеттік тілді жаппай мең­геруге тиіспіз.Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.         Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің  тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты
4,6(21 оценок)
Ответ:
gamer2222
gamer2222
16.11.2022

Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.

Атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Олар туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?

Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.

Хаттың авторлары:

жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),

Қазақ мемлекеттік ба меңгерушісі Мансұр Ғатаулин,

Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков,

Алматы Комвуз проректорының орынбасары Мұташ Дәулетқалиев,

Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.

Дегенмен, жазуша Ғабит Мүсірепов және Мұташ Дәулетқалиев жайлы бірер деректер болмаса, қалған кісілер туралы деректер тапшы. Мұташ Дәлетқалиев Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келген, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарған. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен.

4,4(86 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ