М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Соғыс… Қандай қатыгез сөз. Бар болғаны бес әріптен құралған. Ал мағынасы жан түршіктірер. Шыны керек, осы бар болғаны бес әріп миллиондаған адамның жанын қиды,көптеген адамдар мүгедек болып қалды.Қатыгез соғыс бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып, бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы аяқталды. Осы төрт жыл бойы қаншама адамның өмірі қиылды, қалалар қирады. Кеңес Одағы мен Германия осы соғыс басталмай тұрып бейбіт келісімге келгенмен, өкінішке орай, Германия өз сөзінде тұрмады. «1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Фашистік Германия Кеңес Одағына ескертпестен шабуыл жасады. Екінші Дүниежүзілік, Ұлы Отан Соғысы басталды» – дәл осындай хабарлама Кеңес Одағының әр бұрышында, радиода жарияланды. Сол кездегі бұл суыт хабарды естіген адамдардың қандай сезімде болғанын айтып жеткізу мүмкін емес.
Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстанға өз зәрін төкті. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды.
Ақыры бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы біздің ата-бабаларымыздың бірі, батыр әрі ержүрек азамат Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Ол Рақымжан Қошқарбаев болатын. Сұрапыл әрі қатыгез соғыс Кеңес Одағының даңқды әлі әділ жеңісімен аяқталды.
3. Мәтіндегі қыстырма сөзді табыңыз. [1]
А) Жыл бойы
Ә) Өкінішке орай
Б) Ақыры
В) Әрі​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
mulanmango
mulanmango
09.08.2020

ответ: Мен Алматы қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Алматы қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған.

Объяснение: Сәттілік

4,7(69 оценок)
Ответ:
ValkyriaDemon
ValkyriaDemon
09.08.2020

Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысының Райымбек және Талғар аудандарында орналасқан. Саябақ 2007 жылы ұйымдастырылған. Аумағы - 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98 шакырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 23 шақырымға созылған аумағының 22%-ын орман алкаптары құрайды. Саябақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Алматы облысының биік таулы алқабы мен Көлсай көлінің табиғи байлықтарын сақтап қалу және қорғау.

Саябақтың құрамына Жалаңаш, Көкбастау ауылының оңтүстігіндегі таулы алқаптар, Көкжазық, Сарнауа, Ақбұлақ, Үшкүл, Қырқобы, Жаманбұлақ, Көлсай өңірі, Талды жайлауы және Шелек өзенінің бастауы кіреді. Саябақ аумағындағы Қайыңды көлі көрікті табиғатымен көз тартады және оның суының шипалық қасиеті бар екендігі елге мәлім.

Саябақ аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 710-ға жуык түрі өседі. Оның 12 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» кіреді. Олар күнгей кауы, жылтыр жанаргүл, Тянь-Шань жанаргүлі, Семенов кортузасы, т.б. Негізгі қорғалатын нысан - Шренк шыршасы. Бұл ағашты сым баттылығына қарап «Қызқарағай» деп атайды.

Саябақ жануарлар дүниесіне де бай. 1968 жылы бахтах балығы жерсіндірілген. Бауырымен жорғалаушылардан: Алтай жалаңаш көзі, әр түсті жылан, калқантұмсық жылан, т.б. кездеседі. Құстардың 200-ге жуық түрі саябақ аумағында ұя салып, балапан өргізеді. Олардың ішінде сирек кездесетін түрлері - көк кұс, құмай, орақтұмсық, ұлар, т.б. Сүтқоректілердің 30-ға жуық түрі мекендейді. Сирек кездесетін түрлері - барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, аркар, сілеусін, сабаншы, т.б. Саябактың туризмді дамытудағы маңызы зор.

4,7(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ