Мәтінді оқып,мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңдар. Күн неге батады,неге шығады? Шындығында,күн батпайды және шықпайды.Жер өз білігінен сағат тіліне қарама-қарсы бағытқа айналу арқылы Күнге біресе бір жағымен,біресе екінші жағымен қарайды.Ал бізге Күн шығыстан шығып,батысқа бататын тәрізді көрінеді. Ай Күн мен Жердің арасынан өткен кезде Күннің бетін көлегейлейді.Бұл «Күннің тұтылуы» деп аталады.Әдетте Жердің көпшілік бөлігінде жарым- жартылай тұтылу көрінеді.Айдың тұлғасы Күнді толық жапқанда 7 минуттай түнек орнайды.Сол кезде Жерден Күн сәулесінің жиегі ғана көрінеді. Күн көз шыдатпайтын жарық дөңгелек болып көрінеді.Егер бұлтсыз ашық күн бір-екі минут қарап тұрсаң,көзің басқа ештеңені көрмей қалады. Сондықтан Күнге тіке қарауға болмайды.Күнге таңертең ерте және кешке қарай дәл көкжиекте тұрғанда қараған қауіпсіз. Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат тез керек
лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. лиро-эпостық жырларларда халықтың
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым . екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда,
негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
ғашықтық
жырлар көркем фольклордың барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір -бірімен байланыса, қатарласа ған. ұқсастықтары да аз емес. олардың жалпы поэтикалық сипаты
ұқсас. айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға
тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.[1]