М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ntisdeil2010
ntisdeil2010
10.09.2021 07:33 •  Қазақ тiлi

«Менің өлкем» тақырыбы бойынша эссе жаз. Эсседе теңеу мен эпитеттер пайдалан.( 60-80 сөз)

Эпитет пен теңеу: түсті (алтын күз);
 әдемілікті (алтын қасықтай);
 құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);
 атақ-дәрежені (алтын жаға);
 қазына-байлықты (алтын сандық);
 жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

👇
Ответ:
Vladislava256
Vladislava256
10.09.2021

Объяснение:

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы  борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді  ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен  міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Туған өлкем байлығы мол қазынам,

Сол байлықтың шуағында шомылам.

Бәрінен де артық көрем мен сені,

Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.

Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,

Аң мен құсын арыстандай көремін.

Туған өлкем ол менің жер жәннатым,

Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды  аялайық та, сүйе білейік.

4,5(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
blackfox30
blackfox30
10.09.2021
Сонымен қатар, ол ұлы өнертапқыш болды. Леонардо әскери ыдысын, тачка, және роликоподшипник ойлап. машиналар мен қару-жарақ ондаған жоспарлары оған жасалды.

Ол сондай-ақ су астындағы және ұшақ үлгілерімен тәжірибе. Сонымен қатар, Леонардо инженер және ғалым ретінде үлкен болды. Ол сондай-ақ музыкант, ақын, және мүсінші болды. Әрине, Леонардо да Винчи әділ данышпан деп атауға болады.

Суретші Италияда ауылы, Винчи жылы дүниеге келген. бала бола отырып, ол әкесінің ата-анасымен бірге өмір сүрген. оның әкесі Леонардо кескіндеме мүдделі екенін түсінген кезде, ол тамаша мұғалім мен суретші баланы жіберу туралы шешім қабылдады. Бір күні оның Леонардо мұғалімнің суретте тамаша періштені боялған. «Сіз маған қарағанда көбірек болып табылады», мұғалімі байқаған.

Леонардо 25 жаста болғанда, ол содан кейін Флоренция, Милан және Венеция бірінші, өз бетінше бояу бастады, және - Францияда.

Оның атақты сурет «соңғы Кешкі» Милан капелласының қабырғаға орналасқан. әйгілі Леонардоның жағдайынан картиналар бірі «Мона Лиза» болып табылады. Бұл сурет Матч күлкі бар әйел білдіреді. Қазір бұл Лувр ең тамаша қазына бірі болып табылады.

Леонардоның жағдайынан суреттер, олар сипаттау қиын әдемі музыка сияқты, сондықтан әдемі. оның суреттер адамдардың жүздері білдіру толы. Леонардо адамдар өте жанды көрінуге тырысу, жаңа жолмен жарық пен көлеңке әсерлерін пайдаланылады. вот
4,8(81 оценок)
Ответ:
mineroma50Romaaa
mineroma50Romaaa
10.09.2021
1. ата-бабаларым - ыз тәуелдік жалғауының көпше түріндегі 1-нші жағы
2. батырларым - ыз тәуелдік жалғауының көпше түріндегі 1-нші жағы
3.ақындарым - ыз тәуелдік жалғауының көпше түріндегі 1-нші жағы
4.ғалымдарым - ыз тәуелдік жалғауының көпше түріндегі 1-нші жағы
5.Отаным - ыз -ды   ыз ол тәуелдік жалғауының көпше түріндегі 1-нші жағы
6.табиғат - ы тәуелдік жалғауының 3-нші жағы
7.байлы - ғы тәуелдік жалғауының 3-нші жағы
8.жер - і тәуелдік жалғауының 3-нші жағы
 
батыл ата-бабаларымыз,қайратты батырларымыз,ойшыл ақындарымыз,ақылды ғалымдарымыз,Отанымызды құрметтеу,бай табиғаты,асыл байлығы,байтақ жері
 
надеюсь сойдет, лови)
4,4(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ