М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Мерлинbrother2
Мерлинbrother2
16.04.2022 11:16 •  Қазақ тiлi

Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы
 
«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,-дейді қазақ халқы. Өз еңбегімен
танылған азаматтар мен кәсіпорындар да көп. Солардың бірі – Қызылорда облысында
күріш өндірумен айналысатын – «Абзал және К» ТС-і (Толық серіктестігі). Ауыл
шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп
отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
«Абзал және К» ТС-і 2017 жылдың қорытындысымен «Алтын сапа» сыйлығының
иегері атанып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан үздік сапа белгісін алса, 2019 жылы
желтоқсанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада компания басшысы
Мағжан Ералиевке «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
номинациясының Алтын жүлдесін табыс етті.
Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған
өнімді өз зауытында өңдейді. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш
өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Россия, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия
т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік
үштігінің қатарына қосылды.
Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания
туған жері- Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді. Мұнан өзге
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания 54 жаңа еңбек орнын ашып,
жалпы 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында
жаңа күріш зауытын, «Мүсірәлі» мешіті мен медресесін, Сырдария ауданына қарасты
Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын салып, ауылдағы
мұражайға күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Ауылды толықтай көгалдандырды.
Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне қайта жөндеу
жүргізіп берді. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық
ауылдар қатарына қосылып отыр.
«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ»,- дейді халық даналығы. Жас
болса да бас болып компанияны басқарып отырған Мағжан Ералиев:«Біздің мекеме –
Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Сондықтан
Германиялық PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет
егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау,
қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирма ретінде бізді қызықтырады. Біз
бұл фирмамен серіктестікке дайынбыз. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай,
Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз.
Жаңа технологиялармен еңбек ету, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты маңызды
салаларға да қызметкерлерді дайындау алдағы мақсатымыз», -дейді. Кәсібінен бақыт
тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза.
 (343 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Ғұмыр –
Ісімен –
Қамтамасыз етіп отыр-
Түгел –
Еңбексіз – ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Confident23
Confident23
16.04.2022
Наурыз тойы--көнеден келе жатқан ұлттық мейрам.Наурыз мерекесі аса киелі қасиетті мереке.Бұл күні қазақтар бір -бірін үйлеріне шақырып қонақасы қылған.Дастарқанның басты асы--Наурыз көже болған.Наурыз көже ұлттық тағам.Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған.Дәстүр бойынша оған бидай,тары,сүр ет, бұршақ,сүт, су, тұз міндетті түрде қосылуы тиіс Наурыз көжеге ет қосылуы  қыспен қоштасуды, сүт қосылуы келе жатқан жазбен қауышуды білдіреді екен.. ,,Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады ,,! деген  сенім бар. Наурыз көже ,наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген.
4,5(65 оценок)
Ответ:
AVlone
AVlone
16.04.2022

ответ:

астана - қазақстанның басты қаласы және жүрегі.

астана - болашақтың қаласы, арман қала.

астана астанасы ретінде керемет. бұл менің арманымның қаласы. мұнда сіз барлық уақытты өткізіп, өмір сүргіңіз келеді.

астана 1994 жылы біздің еліміздің астанасы болды. күн сайын ол өседі және гүлдейді. мұнда көптеген спорттық және мәдени іс-шаралар өткізіледі. астанада ең заманауи ғимараттар салынуда, олар сәулетімен таң қалдырады. астанаға келген басқа елдердің қонақтары ауыздарын таң қалдырады.

қаланың символы «бәйтерек» монументі, өмірінің жемісі, жердің тамыры. қаланы өмір сүру үшін одан да ыңғайлы ету үшін, ол абайлап жасылданды.

астана сауда жолдарының қиылысында шағын қала болған. ақмола, целиноград, ақмола деп аталды. қазақстан республикасының президенті нұрсұлтан назарбаевтың жарлығымен қаланы астана деп атады, оған жаңа өмір - елорда.

астана қазір қазақстандағы бизнес орталығы болып табылады. біздің елімізде көптеген сонда өмір сүргісі келетіні таңқаларлық емес. мен өмір сүріп, жұмыс істеуге көшіп-қонып жүрген көптеген білемін.

мен өз астанамды өте жақсы көремін. менің ойымша, астана - асыл идеалдардың орны.

объяснение:

4,6(67 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ