М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dangerrr
Dangerrr
27.02.2020 15:08 •  Қазақ тiлi

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай, тер төгеді.Қазіргі бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заманда «алма піс,аузыма түс»деп жатудың өзі әбестік.Жалын мен жігерді,ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі.Жастарды білім жолына салып,түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу – білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі.Келешектің іргетсын қалау үшін ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолындашабысы қатты тұлпардай жүйіткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.-тапсырма. -тапсырма. Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап жазыңыз. 3-тапсырма. Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап жазыңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
sascha4847
sascha4847
27.02.2020

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.

Объяснение:

может быть не правельно но хоть чем то

4,4(88 оценок)
Ответ:
мамаеб228
мамаеб228
27.02.2020

Объяснение:

Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті. Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.

«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде. Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – мектептің ісі» деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді.

Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан. Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады.

Арасынан алып жазыңыз

4,8(97 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ