М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Леля24579
Леля24579
29.10.2022 00:53 •  Қазақ тiлi

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал: – Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…

…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.

Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

Тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатындай екі сұрақ құрастырыңыз​

👇
Ответ:
Svetiksmail5454
Svetiksmail5454
29.10.2022

https://goo.su/5elT

Пошаговое объяснение:

На этом сайте есть ответ

4,8(92 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ztv1978
ztv1978
29.10.2022
Таңдану одағайды көрсетіңіз. A) Апырай. B) Әттеген – ай. C) Уһ. D) Қап. E) Кәні. Шақыру одағайын көрсетіңіз. A) Моһ-моһ. B) Туу. C) Алақай. D) Бәрекелді. E) Ойбай. Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін табыңыз. Ой тісім ауырып тұр. A) Үтір. B) Нүкте. C) Сұрау белгісі. D) Нүкте-үтір. E) Леп белгісі. Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз. Апырай Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр. A) Үтір. B) Нүкте. C) Леп белгісі. D) Нүкте-үтір. E) Сұрау белгісі. Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз. Әттеген-ай Сонда қалай болды? A) Сызықша. B) Нүкте. C) Леп белгісі. D) Нүкте-үтір. E) Сұрау белгісі. Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз. Апырай Жарайсың, тура тигіздің ғой. A) Қос нүкте. B) Леп белгісі. C) Сұрау белгісі. D) Нүкте-үтір. E) Нүкте. Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз. Алақай Достарым түгел жиналыпты. A) Леп белгісі. B) Нүкте. C) Сұрау белгісі. D) Нүкте-үтір. E) Үтір. Қос сөзді одағай арасына қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз. A) Дефис. B) Нүкте. C) Леп белгісі. D) Сұрау белгусу. E) Тырнақша  перевод не знаю так сойдёт.
4,4(78 оценок)
Ответ:
Ahelka99
Ahelka99
29.10.2022
Медеу
Биік шың, шырша — таулардың көркі, байлығы,

Ұмытар мұнда келгендер мұң мен қайғыны.

Делебең қозып тұрасың елтіп бұл жерде

Жарқырап жатқан шақырып мұздың айдыны.

(Ақұштап Бақтыгереева, «Медеу»)

Тарих қойнауына көз жүгіртсек, «Медеу» мұз айдыны 1972 жылы бой көтеріпті. 1970 жылы 6 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысымен Алматыда мұз айдынның құрылыс жұмыстары басталды. Небәрі екі жылдың ішінде салынып біткен «Медеу» 1972 жылы 28 желтоқсанда пайдалануға берілді. «Медеудің» бас архитекторы — Владимир Кацев.
4,4(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ