ответ:
резюме
1. аты-жөні: серікбай ербол амантайұлы
2. туылған күні: 13.12.1989 жыл
3. ұлты: қазақ
4. отбасылық жағдайы: үйленбеген
5. тілдерді меңгеруі:
• қазақ тілі – туған тілім.
• орыс тілі – еркін.
• ағылшын тілі – сөздік бойынша.
6. мекен жайы:
7. байланыс телефондары:
8. e-mail: [email protected]
9. білімі: жоғары. 2007-2011 м.әуезов атындағы оңтүстік қазақстан
мемлекеттік университеті. мамандығы: 050602- «информатика»
10. білімі мен тәжірибесі:
• seo, smm –жүргізу;
• верстальщик.
• html, css, php негізгі сайт жасау тілдерін білу();
• түрлі cms-термен жұмыс жасай беру(question2answer, joomla
1.5, 2.5, wordpress 3.4, drupal 7.0);
• it тақырыпта блоггер.
11. жұмыс тәжірибесі:
• 2010 ж. үш тілде терминдер қорының сайты,
жасаушы;
• 2010 ж. сайтын жасаушы, жүргізуші.
осы күнге дейін сайтты жүргізіп келемін.
• 2011 ж. оқмфа-сының информатика кафедрасында аға
лаборант.
• 2012 ж. сайтының негізін қалаушылардың
және
жүргізушілердің бірі.
• 2012 ж. шымкент қаласының
әкімшілігінің
сайтын қайта жасап шығу.
12.қосымша ақпарат:
• 2011 жылы ұйымдастырылған blogcamp-2011 белсенді
қатысушысы.
стартап жүлдесінің иегері ( сайты);
• қазақ тілді интернетте белсенді блоггер;
13.жеке қасиеттері: жауапкершілігі мол, ұйымдастырушылық,
коллективте жұмыс істей білу қасиетке иемін, жаңа білім мен
ізденіске құштарлығым мол, өзіне тапсырылған жұмысты уақытылы
орындаймын. 14.қызығушылығы: блог жазу, бос уақытта интернетте it-
жаңалықтарды оқу, мобильді телефондар зерттеу, жаңа енгізілімдер
және жаңашыл процестер мен құбылыстарды зерттеп, меңгеріп, оларды
өмірде қолдана білу, спортпен шұғылдану. шахмат ойнау.
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!