М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
marty4
marty4
09.04.2022 16:02 •  Қазақ тiлi

Эйтеки би на казахском языке биография

👇
Ответ:
Artyom2005738282
Artyom2005738282
09.04.2022
ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ (1644-1700), Кіші жүздің бас биі, Тәуке ханның басшылығымен, Төле, Қазыбек басқа да билермен бірге қазақ тайпа-руларының басын қүрап, бір орталыққа бағынған бірегей хандық қүруға үндеді, қазақ қауымының қарым-қатынасын реттейтін «Жеті жарғы» атты әдет-ғүрып заңдарының жинағын жасауға қатысты. Туысқан, қарақалпақ, қырғыз елдерімен достық одақ жасауға, көршілес мемлекеттермен елші алысып, мәмле орнатуға ат салысты. Кіші жүз шаруаларының жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы күресін бастаушылардың бірі болды. Өзбекстан еліндегі Нүрата ауданының Сейтқүл қорымында жерленген.

АЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКУЛЫ (1682-1766), главный бий Младшего жуза, один из советников хана Тауке, известный оратор, обладавший разносторонними организатор борьбы против джунгарских завоевателей. При решении в ханском совете государственных дед связанных с внешней и внутренней политикой Казахского ханства, выполнял важную роль, исполнял судебные функции. Под руководством хана Тауке с биями Толе, Казыбеком и другими воссоединению казахских родов и племен. Один из составителей свода законов "Жеты жаргы". Принимал активное участие в установлении дружественных отношений Казахского ханства с киргизскими и каракалпакскими родами, в развитии ханом Тауке русско-казахских торговых и дипломатических отношений. Похоронен в местности Сейткул Нуратинского р-на (Узбекистан).
4,7(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Астана - арман қала

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.


Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

4,6(2 оценок)
Ответ:
крот521
крот521
09.04.2022

Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр Шығыста жұмыс істеп жүріп, 1-класты әскери ұшқыш атағын иеленді. Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды: түрлі маркадағы бірнеше әскери ұшақты сынақтан өткізді. Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары көп еді, ақыры ол өз арманына жетті. 1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гинестің рекордтар кітабына жазылды. Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақтарды сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ер жүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ жігіті Отан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығы алдында дәлелдеуін осылай бастады. Өз өміріндегі ең бір шуақты сәт жайлы Тоқтар былай деп әңгімелейді: «Ол кезде ғарышқа тек Тоқтар Әубәкіров емес, бүкіл Қазақ баласы ұшып бара жатты. Сонда мен рапортты басқа тілде беруім керек пе? Рас, ол уақытта мен Қазақ тілін жете білмейтін едім. Себебі 30 жыл ғұмырым орыстар арасында өтті. Сонда да тілімді бұрап: «Мен қазақпын! Мен ұшуға дайынмын! Қазақ халқы үшін!» — дедім. «Кемеңіз от алып, жерден көтеріліп бара жатқанда, қандай сезімде болдыңыз?» — дейсің. Жалпы, ғарышкерлердің арасында жазылмаған мынадай заң бар. Ғарыш кемесі көтерілер сәтте «поехали» деп айту керек. Ол сөз Ю.Гагариннен қалған. Бірақ мен осы дәстүрді бұзып: «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын!» — дедім. Қазақша айттым, ол сөздерім таспада бар». Ресейдегі әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады, Елбасының ғарыш істері жөніндегі кеңесшісі болды. Тоқтар Әубәкіров – техника ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры (1995). Қазір Тоқтар Әубәкіров – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, халық қалаулысы. Елімізде туындап отыратын күнделікті мәселелерге белсене араласып, олардың оңтайлы шешілуіне үлесін қосуда.

4,6(70 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ