материалдық және рухани игіліктерді иеліктен шығару және иемдену түріндегі сатып алу-сату әрекеті барысында меншіктенушінің ауысуы нысаны;
тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, зияткерлік меншік нәтижелерінің айналымын, сатылуын ұйымдастыру жөніндегі шаруашылық қызмет аясы, яғни жеке адамның пайда алу мақсатымен тауарларды айналысқа түсіру, оларды сатып алу және сату жөніндегі шаруашылық қызметі; сатып алу-сату арқылы тауарларды өткізетін ұлттық шаруашылық саласы.
Еуропаның сауда тарихы Испан теңізшілерінің жаңа аумақтарды ашуына байланысты дами түсті. Испан теңізшілері Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкаға 1492 жылдан бері қатынай бастады. Ал португал теңізшілері 151-1521 жылдары алғашқы болып дүнеижүзін шарлап шықты.Голланд,британ және француз теңізшілері суда жүзу тәжірибелерін Үндістан, Америка, Африка тәрізді шалғайда жатқан жерлерге баруға жұмсады.Оларға қарап Еуропа саудагерлері де қимылдай бастады. Еуропалықтар Қытайдың фарфор, Үндістанның мақта-мата бұйымдарына көп қызықты. 1498 жылы Васко да Гама Еуропадан дәмдеуіш сатып әкеле бастағанға дейін дәмдеуіш саудасымен ислам елдері айналысты. 16-ғасырға дейін Голландия тауарлардың еркін айналымына рұқсат беріп, салықсыз сауда орталығы болды.Көпестердің арасында білімділер көп кездесті.Табысқа жеткісі келген саудагер сауатты, есеп-қисапты, шет тілдерін, теңіз ісін, заңды жақсы білетін адам болуы керек еді. Өйткені сапарда көптеген қиындықтар және қауіп-қатерлермен күресуге тура келді. Ұзақ жол жүруге мәжбүр болған саудагерлер ғылымның жетіуіне, әсіресе географияның дамуына көп септігін тигізді
Iшкі сауда, сыртқы сауда, аукциондық сауда, баспа-бас айырбас сауда, биржалық сауда, комиссиялық сауда, консигнациялық сауда, өтемақылы сауда, лицензиялық сауда (технологияларды пайдалану құқығын, ноу-хауды, патенттерді, өнертабыс лицензияларын мерзімге және сыйақыға беру), көтерме сауда (заңи тұлғаларға не заңи тұлға құрмаған жеке тұлғаларға кәсіби қызметте пайдалану үшін кез келген тауарды түрін өзгертпестен қайта сату және сату), бөлшек сауда (халыққа жеке бастың тұтынуы немесе үй қожалығында пайдалану үшін сату), халықaралық сауда, "көзге көрінбейтін" сауда (көрсетілетін қызметтердін көлік, сақтандыру, қаржы, компьютерлік, ақпараттык, лизингтік, құрылыс, тағы басқа қызметтердің экспорты мен импорты), тағы басқа түрлерге бөлінеді
«Менің досым» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Аға, «достық деген не?» сұрағына жауап беруге көмектесіңізші? Мектепте шығарма жазуды тапсырып еді...
Аспандияр: Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.
Еркебұлан: Неліктен дос - адам жанының айнасы тәрізді деп айтады?
Аспандияр: Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Еркебұлан: Сіздің ең жақын досыңыздың есімі кім және қанша уақыттан бері жолдас болып жүрсіздер?
Аспандияр: Менің ең жақын жолдасымның есімі – Данияр, екеуміз балабақшадан бері, міне он төрт жылдан астам уақыт дос болып келеміз.
Еркебұлан: Қандай керемет! Ал сіздің досыңыз қандай адам?
Аспандияр: Данияр екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші. Өмірде осындай, Данияр сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін.
Еркебұлан: Аға, менің де сіздей адал досым болса екен!