Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын лексикалық минимумды пайдаланып анықта. Шылауларды тауып, жалғаулықтардың қай түріне жататынын айт.
1. Саябақта бозбала мен бойжеткен отырды. 2. Қыздың келбеті сұлу екен. 3. Мен олармен амандастым да сауалнама алдым. 4. Олардан жора-жолдастары қандай
екенін, кімге еліктейтінін сұрадым. 5. Бозбала мен бойжеткеннің сөздері бір-бірімен тоғысты. 6. Олардан жастарды түйткіл мәселесін сұрадым. 7. Бозбала мен бойжеткен бірнеше бастамашыл ой айтты.
Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл.