Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды. «Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
Түр, түс, жүз, теңге сөздерінің синонимдері мен антонимдері.
Берілген сөздердің синонимдері:
Түр мен жүз сөздерін өзара синоним сөздер, ал бұл сөздердің синонимдері – бет, ажар, пішін, ұсқын, әлпет, бет, келбет, шырай, кескін, қалып, күй.
Түс – рең, өң, рай, бояу.
Теңге – ақша.
Берілген сөздердің омонимдері:
Түр: 1) адамның беті: оның түрі бұзылып кетті; 2) алуандылықты білдіреді: бұл киімнің бірнеше түрі бар; 3) іс-әрекет: шалбарыңды түр.
Түс: 1) адамдар ұйықтағанда көретін бейне: бүгін мен жақсы түс көрдім; 2) іс-әрекет: көліктен түс; 3) заттың сипаты: қарындаштың түсі қызыл.
Жүз: 1) заттың санын білдіретін сөз; 2) бет-әлпетті, түрді білдіретін зат есім; 3) пышақтың қайралған, өткір жағы; 4) қимыл мағынасындағы сөз.
Теңге: 1) бір затты теңге, яғни теңестір. 2) теңге (ақша).