Абай - ұлы ақын! Абай - қазақтың дара туған ақыны. Ол ерекше ақын. Ол ел үшін, халық үшін биліктен бас тартты. Әкесі қатал болғанымен, ол ерекше болды. Оның ерекше ақындық қасиетке баулыған әжесі мен анасы болды. Оның әрбір өлеңдерінде астарлы ой жатыр. Ол өлеңдерінің бірін тұспалдап, астарлы оймен жазса, ал енді бірін анық, ашық жеткізе біледі. Оның 45 ғақлиясы, яғни 45 қара сөзібар. Оның әрбір қара сөзі білім, өнер. тәрбие туралы айтады. Оны оқыған адам ерекше сезімге ие болады. Міне, осындай ерекше дара туған ақынын қазақтар мақтан тұтады!
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O