Оқылым . Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз. Үтік
1882 жылдың 16 маусымы ресми емес мереке - Үтік күні. Осы күні американдық өнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Үтік — киім-кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Тігін жұмыстары кезінде
ылғалды-жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу,
желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет. Алайда үтіктеу бір қарағанда оңай көрінгенімен,іс жүзінде кейбір маталардың қыртысын жазуға біраз әрекеттену керек екенін байқаймыз.
Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта, зығыр маталарын үтіктеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді үтіктейді. Ал
бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік
белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз. Үтіктеу кезінде су сепкішті пайдаланбағаныңыз жөн, кейбір кезде бұл жібек матаның бетіне дақ қалдыруы мүмкін. Үтіктің су қоймасындағы судың мөлшері мен тазалығын қадағалауды ұмытпаңыз. Тек таза суды пайдаланыңыз.
1. Мәтін бойынша берілген шартты белгілерді ашып жазыңыз. [1]
2. Бір нүктелі белгімен қандай мата түрін үтіктейміз?
Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы –бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасы – баланың тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Ата-аналары балаларын өнегелі сөзімен,жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш,еліктегіш келеді.Әр бала сипағанды, жылы сөйлегенді,аяғанды,еркелеткенді,ертегі әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады.Бұл-баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән.Өйткені бала сезімі пәк. Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет баланың кішкентай кезінен отбасында және балабақшада қаланады.Сондықтан отбасындағы, балабақшадағы және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.
Воспитание… Только вдумайтесь в это слово! Если мы отбросим приставку «вое», то получится слово «питание». Какие же мудрые тайны хранят слова, словно клады в себе носят. Ведь, действительно, воспитание - это питание, питание духовное. Оно так же необходимо для жизни ребенка, как и питье и еда. И начинается оно с первых минут жизни ребенка в мире. А этот мир все приготовил для него давным-давно: и материнские колыбельные песни с вечной наукой любви, и невидимую, но ощутимую нить взаимосвязи между ребенком и взрослыми, по которой передается и удовлетворение его желаний, и первые запреты. Таким образом, с первых дней мы понимаем, что этим бесконечным миром управляют два главных закона - «можно» и «нельзя». И родителям ни в коем случае нельзя их смешивать и превращать в хаос и беспорядок.
Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы –бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Отбасы – баланың тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Ата-аналары балаларын өнегелі сөзімен,жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш,еліктегіш келеді.Әр бала сипағанды, жылы сөйлегенді,аяғанды,еркелеткенді,ертегі әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады.Бұл-баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән.Өйткені бала сезімі пәк.
Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет баланың кішкентай кезінен отбасында және балабақшада қаланады.Сондықтан отбасындағы, балабақшадағы және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.