1. Отбасы бақыты деген отбасындағы мүшелердің бірін-бірі сыйлауы, құрметтеуі, бірін-бірі түсінуі, көмек көрсете білуі, ұсақ нәрсеге бола бірінің-бірі көңілдерін қалдырмауы. 2. Отбасы бақыты сол отбасыдағы барлық адамдарға байланысты. 3. Біздің отбасымызда әр мейрам, туған күнге сыйлықтар сыйлап, тосын сыйлар жасалады. Жаз мезгілінде бірге табиғат аясында демаламыз, қыста шаңғы тебуге шығамыз. 4. Отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінемін, өйткені мен бір қателік жасасам, сол үшін бүкіл отбасым уайымдайды, оларды ұятқа қалдырамын. Сондықтан отбасымның абыройын түсірмеуге тырысамын. 5. Үлкендердің ақылдарының бірі "ешкімнің ала жібін аттама" дейді, ол өте жақсы сөз, біреуге қиянат жасама, жамандық қылма деген, өйткені оның кесірі өзіме ғана емес, отбасыма да тиюі мүмкін.
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді. «Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныбымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
,ахахахахахахахаа
котак жеме