СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Электрондық кітапхана.
Әлем күн санап дамып,жаңартуда.Айналамыздың бәрі қазіргі таңда ғаламтормен,компьютерлермен тығыз байланыста екенін жасырмауымыз керек.Әр күн сайын ғылыми жаңалықтар ашылып,адамзаттың көңілінен шығуда.Сондай жаңалықтардың бірі – электрондық кітапхана."Кітап – сарқылмас білім бұлағы" демекші,кітапты сатып алып сіз ақшаңыздан текке айырылмайсыз.Керісінше,сіз рухани тұрғыда бай боласыз.Сол себептен де,қазіргі таңда кітап сүйер қауымның саны біршама.Бұрындары үлкен бір ғимаратты алатын кітапхананы бүгінгі таңда бір ғаламторы бар құрылғыға сиғызып-ақ жіберуге мүмкіндік бар.Электрондық кітапхана арқылы кітаптың атауын,авторын,шығу уақытын енгізу арқылы оп-оңай таба аласыз.Біз бүгінде компьютермен жақын болғандықтан,бұл таптырмас құрал деп білемін.