Арал тағдыры.
Менің ойымша, Бүгінгі таңда Арал теңізінің көзден ғайып болып бара жатқан мәселесі ешкімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Бір кездері ұзыннан-ұзақ созылып жатқан теңіздің арнасы мақта өсіруге қажетті химикаттарға толы тұзды алқапқа айналған.
Мен оны былай түсінемін: Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.
Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі.
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Сол ғылыми жұмыстар бойынша Арал теңізінің мәселесін қолға алып, үкімет біршама шаралар ұйымдастырып, мәселені тұрақтандыру керек деп ойлаймын. Себебі Аралдың біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.
Қазақтың ұлы ағартушы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институтының кітапханасы «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Сайыстың мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың ғибратты туындыларын және асыл да рухани мұраларын жастарға кеңінен насихаттау.
Сайыс 3 номинация бойынша ұйымдастырылды:
1. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ». Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2. «Ойла, айттым адамдық атын жойма». Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп, ой елегінен өткізу.
3. «Талаптың мініп тұлпарын». М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді. Ұлы ақын образын ашып көрсету мақсатында театрландырылған қойылым.
Аталмыш сайысқа 6 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр топ өз мамандықтары атынан шықты. Оның ішінде 2 топ – Өсімдік шаруашылығы және топырақтану мамандығынан, 2 топ - Механикаландыру және малшаруашылығы мамандығынан болды. Ал келесі топтар - Экономика және Қаржы мамандықтарының студенттері.
Барлық топ жақсы дайындалып, Абайдың өлендері мен қара сөздерін жатқа айтып, білімді де дарынды екендерін дәлелдей білді. Сонымен қатар М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан ақын бейнесін ашатын көрініс көрсетілді.
Дүбірлі сайысты қазылар алқасы қ жүйе бойынша бағалады.
Соның ішінде 1 орынды - табандылықпен Өсімдік шаруашылығы және топырақтану мамандығының «Мұрагер» тобы, 2 орынды - Мал шаруашылығы мамандығының «Болашақ» командасы жеңіп алды.
Қазылар алқасы бүгінгі сайыстың өздеріне қатты ұнағанын, бұндай шараның студент-жастарға үлгі-өнеге болатынын, әрі келешек ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беретінін ерекше атап өтті.
Шара барысында кітапханашылар ұжымы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, институт жастарына таныстырды.
Көрменің мақсаты – ұлы Абайдың асыл туындылары мен рухани мұрасын оқу ордасындағы білім алушыларға кеңінен насихаттау.
Сөйтіп, білім ордасындағы ғұлама Абайдай қазақтың ұлыларын ұлықтаған мәдени іс-шара өз мәресіне жетті.
Объяснение:
хз или нет