М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
SobolVitalik
SobolVitalik
06.05.2021 07:53 •  Қазақ тiлi

Помагите 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1.Жаһандану деген не?

2.Суреттің қайсысынан жаһанданудың пайдасын көруге болады?

3.Қай суретте жаһандану үдерісінің зиян жақтары байқалады?

4.Босқындар жөнінде не білесің? Ол қай суретте бейнеленген?​

👇
Ответ:
VLAD43211
VLAD43211
06.05.2021

Жаһандану, немесе — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

4,7(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ира1014
ира1014
06.05.2021

Шығарма

 Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

 Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

 Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

 Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

4,6(67 оценок)
Ответ:
milamul74
milamul74
06.05.2021

Тұрақтатпады ғой… көрші-қолаң «желтоқсаншы» екен деп шығармағанда, ал Николай бригадир мұның туған ағасы Дәурен- нен өшін бір алуға қолайлы сәт туды деп: «Інісі әскерден келе салып, 17-ші желтоқсаннан 21-іне дейін үйінде қонған жоқ. Ел де- кабристермен бірге Алматыда болыпты деп жүр… Анық-қанығын анықтаңыздар! Ағасы коммунистік партия мүшелігіне канди- дат болса да «сенімсіз адам», інісінің іс-әрекетін жасырып отыр. Тексеріңіздер!» деп «донос» жазып, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер орнына жазбағанда… Өкініш жоқ бірақ, көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты. Таяқты да жеді… жегізді де! Көңілде ғана әлдеқандай алаң, шарасыздығына налу ғана бар. Ал органдағылар Қаскелеңде тергеп-тексеріп үш сағат ұстады. Дәлел болмағандықтан, қоя берді. Ана бір Базиев деген капитан, өзінің ұлты балқар екен, сол қол ұшын берді…

Объяснение:

Это маңызды эпизод

4,6(70 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ