Тарих беттеріне үңілер болсақ, біртуар тұлға, қайсар қолбасшы, халық көтерілісінің саяси көсемі болған Исатай Тайманұлының жан жолдасы болған Махамбет бастан – аяқ оның қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы болғанын көреміз.
Атамыз қазақ қашанда достықты жоғары бағалаған. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Міне, Исатай мен Махамбет достығы нағыз адал достық мысалы бола алады деп есептеймін. Бұл достық бұрын - соңды болмаған достық деп есептеуге болады, себебі екеуі де - ел үшін бастырын өлімге тігіп, жауға бірге аттанған сарбаздар. Әсіресе Махамбеттің жырлаған өлеңдерінде Исатайдың бейнесі ерекше көркем беріледі. Махамбет жан қиысқан қанды көйлек досы Исатай Тайманұлының батырлық, азаматтық тұлғасын, өлеңдік портретін ғажап жасап шыққан. Өлеңдерінің бірінде:
«Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Кер миығым, кербезім
Керіскедей шандозым!..», – деп Исатай бейнесін ерекше көркем етіп сипаттай білген.
Объяснение:
2 тапсырма
-Олжас,аспанның түсі неліктен көк екенін білесің бе?
-Жоқ. Шынында да,не себепті олай?
-Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады.Бірақ басты шалқайтып,көкке көз тіксек,жүзін бұлт торламаған,ашық аспанның түсі көк екенін көреміз.
-Бекбау,оның сыры неде екен,ә?
-Күннің шапағы қызыл,сары,жасыл,көк,қою көк секілді түрлі түсті болады.Осындай алуан түсті сәуле қалың ауа қабыты арқылы таралғанда,ауа сәулені ыдыратып,шашыратады.Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді, себебі ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады.