«Бұл жолы оның бетінен әлденеше рет сүйді. Сүйіп болып Сержанның бетіне қараса, баланың екі көзінен жас сорғалап тұр екен...» үзіндідегі әңгіме кейіпкері не себепті осындай көңіл күйде болды? Өз көзқарасыңызды білдіріп, 100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз.
Биік шың, шырша — таулардың көркі, байлығы,
Ұмытар мұнда келгендер мұң мен қайғыны.
Делебең қозып тұрасың елтіп бұл жерде
Жарқырап жатқан шақырып мұздың айдыны.
(Ақұштап Бақтыгереева, «Медеу»)
Тарих қойнауына көз жүгіртсек, «Медеу» мұз айдыны 1972 жылы бой көтеріпті. 1970 жылы 6 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысымен Алматыда мұз айдынның құрылыс жұмыстары басталды. Небәрі екі жылдың ішінде салынып біткен «Медеу» 1972 жылы 28 желтоқсанда пайдалануға берілді. «Медеудің» бас архитекторы — Владимир Кацев.