М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ХорошийВася
ХорошийВася
29.05.2020 16:52 •  Қазақ тiлi

1-Тапсырма Ләйланың адамдармен түсінісе алмай табиғатпен тілдесуінің сыры
неде деп ойлайсыңдар?Неліктен айды адам жанын түсінетін сырлас
етті?​

👇
Ответ:
hitecheldo155
hitecheldo155
29.05.2020

Бұның сыры адамдардың пікірінде. Адамдар Ләйләні кемсітуі мүмкін деген оймен табиғатпен тілдесе бастайды.

Себебі  Ай оны кемсітпей оны тыңдағандай болады. Сондықтан Ләйлә тек Аймен сырласады.

Объяснение:

4,5(74 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
laowiskskz
laowiskskz
29.05.2020
Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
4,6(6 оценок)
Ответ:
катя4762
катя4762
29.05.2020

Анықтауыш[1] деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.[2]

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3] Ол ирекпен белгіленеді.

Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

4,4(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ