Сұрақ № 1 Құрмалас сөйлемді тап.
B Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.
Сұрақ № 2 Дауысты дыбыстардың жасалуы.
D Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуынан.
Сұрақ № 3 Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.
D Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы
Сұрақ № 4 Мақалдан антонимді табыңыз.
A Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп
Сұрақ № 5 Қатыстық сын есімді табыңыз.
A заңғар
Сұрақ № 6 Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.
Сұрақ № 7 Қиысуды көрсетіңіз.
C Шақырылғандар келді.
Сұрақ № 8 Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз.
A Сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады.
Сұрақ № 9 Толықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
C Екіні, онды беске көбейт.
Сұрақ № 10 Сапалық сын есімді табыңыз.
D ыстық.
Сұрақ № 11 Анықтауышы бар сөйлемді көрсет.
C Қақаған аязда аң аулауға кетті.
Сұрақ № 12
Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. Мұғалім айтқан кезде ғана, ол жаза бастады
A Мезгіл.
Сұрақ № 13
Бағыныңқы сөйлемі «Неліктен?» сұрағына жауап беретін сөйлемнің түрін анықтаңыз.
B Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сұрақ № 14 «Өйткені, себебі» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
D Себеп-салдар салалас құрмалас.
Сұрақ № 15 Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз
A Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.