М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dilnuscha
dilnuscha
12.06.2021 06:39 •  Қазақ тiлi

. -тапсырма.
З мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Тақырып қой.
Шеген менің аяғымдағы толып жатқан жара мен жарықтарын көріп, басын шайқады да:
Уай, мынауың болмайды, - деді, «түсінемісің» дегендей, көзіме қадала қарап,
Ең ал-
дымен, адамға бас керек. Онсыз өмір оған молданың көрінен де қараңғы болады. Онсыз өмір
«Құраннан» жаман, түсіне алмайсың. Екінші бізге аяқ керек. Қашсаң – құтылатын бол, қусаң —
жететін бол. Керек боп қалса, құстай ұшатын бол! Мынадай табан бола ма екен! Қырық тесік!
Аяғыңның жалпы бітімі жаман болмағанмен, қазіргі халi қанағаттанарлық емес деп танимын.
Жата тұр құмның үстінде. Мен қазір келем, - деп, Шеген қалаға қарай жүгіріп кетті.
Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді! — деді Бораш ұзай берген Шегенге риза көзбен
қарап. Жүзіндегі күрсініс ізі осы арада ғана түгел бір жойылып кетті.
Сен қалай аңсадың? — дедім Борашқа іскен оң тізесіне қолымды апарып.
— Әй апам қораның төбесінен құлатып жіберді.
«Әй апасы» өгей шешесі екенін түсіндім де одан арғыны қазбалағаным жоқ. Бораш шорла-
нып бітіп келе жатқан оң тізесін сипалай отырып:
Соқаның үстіне құлап түстім... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір... Енді бір айда жүруге
жарайсың дейді...Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді, әнeугүні дегдoм ұстап ала
жаздап, содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым, – деді.
Бұл жолы өзінің қашып құтылғанына мақтанатындай жымиып та қойды.
Мен де керемет жүйрікпін! — дедім мақтанғым келіп кетіп.
Ойбай... Шегендей емес шығарсың... Шеген қайда!? Ол. Ол ағып бара жатқан машинаны
қуып жетіп, асылып кете береді. Біреу көріп қалса, қарғып түсіп, кете беруі де түк емес. Ол
Әншейін желаяқ! — деді Бораш масаттана сөйлеп.
(Ғ. Мүсірепов)​


. -тапсырма.З мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Тақырып қой.Шеген менің аяғымдағы толып жатқан жара мен жа

👇
Ответ:
Ghasty
Ghasty
12.06.2021

Объяснение:

Мәтіннен есімдіктерді тауып сөйлем құра​

4,7(42 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
PavelStronskiy
PavelStronskiy
12.06.2021

Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.

4,4(69 оценок)
Ответ:
lili2005ok
lili2005ok
12.06.2021

XII ғасырда Мысырды шығыстан моңғолдар шабуылдаса, батыстан крес-шілер шабуылдады. Мұсылмандардың мәдениет-ғылым орталығы - Мысыр пен Сирияға қауіп төнді.

Сирия әскерінің қолбасшысы - Бейбарыс баһадүр мәмлүктер гвардия-сымен Бағдатты босатты. Бейбарыс - жерінен сатылып,

қолбасшы деңгейіне көтерілген қыпшақ баласы. Одан кейін Бейбарыс Сири-яны Шыңғыс ханның немересі - Құлағудың әснерінен босатты. Екі жылдан кейін Құлағуды бүкіл Мысыр жерінен қуды. Ал 1291 жылы қыпшаң мәмлүктері  Сириядан крест ұстаушыларды біржолата қуып, рыцарьлардың шығыстағы ең ақырғы қорғаны - Акра қаласын алды.

Сөйтіп, мәмлүктер араб жауынгерлерімен бірігіп, Мысыр мен Сирияны моңғолдардан құтқарды. Әлемге әйгілі өнер-ғылым ошақтары болған Отырар,Самарқан, Киевтердің халіне жеткізбей, Каир, Алжир, Кордоваларды аман сақтап қалды.

Мәмлүк сұлтандар басқарған Мысыр жерінде қыпшақтар Алтын Орда мен қазақ жерінің әдет-ғұрпын, тәртіп-дәстүрін енгізді. Ата-бабасы қыпшақтан шыққан мәмлүк сұлтандардың жолында күнұзақ сырнай тартқан жүздеген нөкер тұрды. Қыпшақша киінген сән-салтанатты нөкерлер Бағдат, Мысыр,  Мекне, Каир шаһарларының көшелерін басына көтерді. Қыпшақтың бек-тері мен байлары өздерінің жас кездерінде бабалары мінген пәуескемен Ніл өзенінің жағасында серуендеді. Мәмлүктер сот ісінде Дешті қыпшақ жобасы-мен жүргізді.

4,6(16 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ