М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
olga195888
olga195888
19.07.2022 21:17 •  Қазақ тiлi

Метеор сипаттама жазып беріңдерші?​

👇
Ответ:
dashazoriksv
dashazoriksv
19.07.2022

Метеор (грек.meteora – атмосферада және аспан әлемінде болатын құбылыстар) – ғарыш кеңістігінде қозғалатын аса үлкен емес қатты дене.

Метеор екі түрге (темір және тас) бөлінеді. Ол атмосфераға еніп, онымен әсерлескен кезде бастапқы массалары өзгереді. Сол кезде метеорлық денеде иондалған із пайда болады. Ол қараңғы аспанда тез қозғалып, жұлдыз тәрізді болып көрінеді де, бір сәтте жоқ болып кетеді. Сондықтан да оны ертеде халық “ақпа жұлдыз” деп атаған. Олардың кейбір жарықтары жер бетіне метеорит болып түсуі мүмкін. Метеорлар Жер атмосферасымен әсерлескенде метеор ағыны байқалады, ол ағынның ішіндегі жылдамдығы күштілерін метеор жауыны деп атайды. Метеор жайлы ғылым метеор денелердің атмосферамен әсерлесуін және метеор ізіндегі процестерді, планетааралық кеңістіктегі метеор затының қалай пайда болғандығын, оның құрылысын, онда болып тұратын өзгерістерді қарастырады. Метеор өте ерте заманнан белгілі, ол жайында аңыздар да көп. Б.з.б. 2000 ж. Ежелгі Египетте ең алғаш жазылып қалдырылған құжаттарда ғана дұрыс мағлұмат берілген. Ежелгі грек философтарының кейбіреулері метеорды Жерге ағып түсіп, сөніп қалатын, көрінбейтін жұлдыз десе, басқалары метеорды қатты қызып шытынаған Күннің сынығы деген ойлар айтқан. 19 ғ-дың аяғына дейін метеорды көзбен ғана бақылауға мүмкін болса, ал 20 ғасырдың орта шенінде оны телескоп арқылы бақылауға қол жетті. Осы кезден бастап фотоға түсіру және радиолокациялық тәсіл қолданыла бастады. Метеорға фотоэлектрлік, электронды-оптикалық және теледидарлық бақылаулар жүргізілетін болды. Метеорлық денелер Күнді айнала эллипстік орбита бойымен қозғалып, атмосфера қойнауына 11-ден 73 км/с-қа дейінгі жылдамдықпен енеді. Атмосферамен әсерлесуі оның массасына байланысты. Массасы ~10–9 г-нан аз болатын өте ұсақ метеор денелер 110 – 130 км биіктікте тежеліп қалады, олар тез буланып үлгірмей Жер бетіне микрометеориттер түрінде түседі. Ал массасы 10–9 г-нан үлкен метеорлық денелер атмосфераға терең еніп, жоғары темп-раға (беткі қабаты –104К) дейін қызып, түгелдей жоғалып кетеді (шашырайды немесе буланады). Массасы ~10 граммнан артық аса жарық метеорлық денелер болидтер деп аталады. Тозаңдану нәтижесінде өзінің бастапқы массасынан айырылған ұсақ метеорлық денелер жер бетіне өте ұсақ метеориттер түрінде (жылына 104 – 105 т) келіп түседі. +1-ден –10-жұлдыздық шамаға дейінгі жарық метеордың спектрлерін зерттеу нәтижесінде метеордың молекулалық жолақтары әлсіздеу келген спектрлердің ашық эмиссиялық сызықтарын шығаратындығы анықталды. Метеордың спектріндегі мұндай сызықтар ұе, Nа, Мg, Мg+, Са, Са+, Сr Sі+, N, О атомдары мен иондарында болады. [1]

Объяснение:

4,8(81 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
172839465
172839465
19.07.2022
Надеюсь ты хотя бы малость знаешь казахский язык, просто у меня на смартфоне нет казахского языка так что некоторые буквы будут на русском. Салем, Яна Салем, Таня Калын калай?(тут вместо "к" должна стоять казахская буква) Жаксы Демалысты калай откiздiн?(и здесь три буквы) Мен серуендедiм, кинотеатрга бардым.Ал сен калай демалысты откiздiн?(здесь должна быть заменена 3 буквы) и лучше не писать что отдыхала, это само собой понятно) Мен апкеме тунеуге жолыктым, сенiмен бiрге серуенге шыктым.(тут 3 буквы, и одна повторяется жолы"к"тым и шы"к"тым) Бiрге бiз уакытты жаксы откiздiк(тут тоже повторяется)
4,4(98 оценок)
Ответ:
sasha2442
sasha2442
19.07.2022

Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.

4,5(32 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ